
Өскемен әуежайы 2025 жылғы тапқан табысынан дивиденд төлемейді. «Өскемен әуежайы» компаниясының акционерлері былтырғы қаржы есебін бекітіп, осындай шешім қабылдады.
Компания былтыр тапқан барлық таза табысын өзінде қалдыруды ұйғарды. Бұл қаражат алдағы уақытта Өскемен әуежайын одан әрі дамытуға жұмсалады.
«Өскемен әуежайы» – мемлекет меншігіндегі мекеме. Ол Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасына қарайды.
Кәсіпорынның аудиторлық есебіне сәйкес, әуежай 2023 жылды 181,8 млн теңге, ал 2024 жылды 91,1 млн теңге шығынмен аяқтаған.
Жақында әуежай авиаотын бағасын көтергені үшін 8,9 млн теңге айыппұл төледі.