
1 шілдеге дейін елдегі 30 теміржол вокзалын жаңарту жұмыстарын аяқтап, оларды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.
Министр елде теміржол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту және салу бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Қазір 124 теміржол вокзалында жұмыс жүргізілуде. 1 шілдеге дейін олардың 30-ы пайдалануға берілуге тиіс. Олар:
- Ауыл – Абай облысы;
- Белағаш – Абай облысы;
- Макинка – Ақмола облысы;
- Бурабай – Ақмола облысы;
- Жақсы – Ақмола облысы;
- Шортанды – Ақмола облысы;
- Қонаев – Алматы облысы;
- Риддер – Шығыс Қазақстан облысы;
- Талдықорған – Жетісу облысы;
- Қазақстан – Батыс Қазақстан облысы;
- Сегізгүл Мар – БҚО;
- Шыңғырлау – БҚО;
- Қарағанды-Сұрыптау (кері бағыт)
- Жаңа Қарағанды – Қарағанды облысы;
- Нұра – Қарағанды облысы;
- Мырза – Қарағанды облысы;
- Теміртау-2, – Қарағанды облысы;
- Тобыл – Қостанай облысы;
- Аманқарағай – Қостанай облысы;
- Қушмурун – Қостанай облысы;
- Қазалы – Қызылорда облысы;
- Жаңақорған – Қызылорда облысы;
- Шиелі – Қызылорда облысы;
- Шетпе – Маңғыстау облысы;
- Бозшакөл перроны – Павлодар облысы;
- Тайынша – Солтүстік Қазақстан облысы;
- Жаңаесіл – СҚО;
- Саумалкөл – СҚО;
- Жаңаарқа – Ұлытау облысы;
- Қызылжар – Ұлытау облысы.
Министрдің айтуынша, Көкшетау, Көктума, Ақши, Маңкент және Балқаш-2 вокзалдарында да жұмыстар аяқталуға жақын.
Сонымен қатар жолаушылар вагондары паркін белсенді түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы 175 жаңа вагон сатып алынды, ал биыл тағы 191 вагон сатып алу жоспарланған. Жалпы алғанда, 2030 жылға дейін қолданыстағы вагондар паркінің 90%-ына дейін жаңарту көзделіп отыр.
Жазғы маусымда артып отырған сұранысты қанағаттандыру мақсатында танымал туристік бағыттар бойынша 15 қосымша маршрут ұйымдастырылды, оның ішінде 10 маршрут Алакөл көлі жағалауына бағытталған.
Еске салайық, енді пойыздардың қозғалысын онлайн бақылауға болады. «Қазақстан темір жолы» пойыздың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін арнайы сервисті іске қосты.