
Алматыда жаңа футбол стадионының құрылысын аяқтау қашан жоспарланып отырғанын қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов айтып берді.
Оның айтуынша, жоба Қазақстан футбол федерациясымен, УЕФА-мен және «Қайрат» футбол клубымен келісіле отырып бекітілген. Әкім орынбасарының пікірінше, бұл стадионда еуропалық деңгейдегі үздік турнирлерді өткізуге мүмкіндік береді.
«Бізде сейсмикалық белсенділіктің жоғары екенін ескеру керек. Стадион салынып жатқан учаскенің өзі 10 балдық аймаққа жатады. Сондықтан біз бұл жобаны Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен бірлесіп пысықтап жатырмыз. Сынақ қадаларын қағу жұмыстары жүргізілуде. Осы сынақтар аяқталғаннан кейін біз іргетас бойынша жұмысты жалғастырамыз», – деді Бейбіт Шаханов.
Ол 4,4 млрд теңгелік жобаны 2028 жылдың наурызында аяқтау жоспарланып отырғанына сендірді.
Айта кетейік, биыл қазақстандық бес футбол клубы Еурокубоктарға қатысу құқығына ие болды. Олардың қатарында «Қайрат» (Алматы), «Астана» (Астана), «Елімай» (Семей) және «Тобыл» (Қостанай).