Жаңалықтар

Алматыда 71 жастағы қария өзіне қол жұмсады

Фото: Алматы полициясы

Алматы қаласының Түрксіб ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Жеке сектор аумағында қария кісі өз үйінде көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы

Алматы қалалық Полиция департаментінің алдын ала мәліметтері бойынша, кешкі уақытта 71 жастағы ер адам аңшылық мылтығын қолдану арқылы өзіне қол жұмсаған.

Жақындарының айтуынша, марқұм тірі кезінде бірнеше ауыр дертпен ауырған. Ол бұған дейін де өмірмен қоштасу туралы ойларын туыстарына бірнеше рет айтқан екен.

«Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция департаменті

Полиция оқиға орнында тиісті сараптамалар тағайындап, тексеріс жұмыстарын жалғастырып жатыр.