
Өкілдер палатасының қадағалау комитетінің мүшелері сәрсенбіде Эпштейн ісі бойынша миллиардер және Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтспен жабық есікті тыңдау өткізуі тиіс, деп хабарлайды ABC News.
АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі, республикашыл Джеймс Комер Гейтстің аты АҚШ Әділет министрлігі істі тергеу аясында жариялаған құжаттарда бірнеше рет аталғаннан кейін одан ресми түрде жауап алуды талап етті.
Құжаттарға сәйкес, Гейтс пен Эпштейннің қарым-қатынасы 2011 жылы, яғни Эпштейн 2008 жылы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін мойындағаннан үш жыл өткен соң басталған және кем дегенде 2014 жылдың соңына дейін жалғасқан.
Гейтске Эпштейнге қатысты қандай да бір құқық бұзушылық бойынша айып тағылған жоқ.
Құпия құжаттар
Америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейн жыныстық қылмыстарға қатысты көптеген айыптармен 2019 жылғы 6 шілдеде екінші мәрте ұсталды. Сотталушыға 45 жыл түрме жазасына тартатын ауыр айыптар тағылды. 2019 жылы ол түрмеде өзіне қол жұмсады.
2026 жылғы 30 қаңтарда АҚШ Әділет министрлігі Джеффри Эпштейнге қатысты 3 млн құжат жариялаған. Олардың ішінде Қазақстанның саяси элитасы өкілдерінің аты-жөні аталған.
Құпия құжаттардан Джеффри Эпштейннің Қазақстанмен тығыз байланыста болғаны анықталды. Файлдарда бірнеше қазақ шенеунігінің есімі жүр.