Жаңалықтар

Енді шетелдіктер ЖСН-ды онлайн ала алады

Қазақстан кей шетел азаматтарына елшілік арқылы ЖСН беруді қайта бастайды
фото: gov.kz

Енді шетелдік азаматтар Қазақстанға келмей-ақ, ЖСН-ды онлайн ала алады. Ол үшін QazETA атты мобильді қосымша әзірленеді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.

Ведомство басшысының сөзінше, қазір Сенат заңнамаға тиісті өзгеріс енгізу үшін түзетулер дайындалып жатыр.

Сондай-ақ әуежайлар мен ірі шекаралық бекеттерде шетелдік азаматтарға QR-коды бар арнайы туристік карталар береді. Ол жерде Қазақстанда жүріп-тұру тәртібі, шұғыл қызметтер мен негізгі байланыс операторларының байланыс нөмірлері көрсетілген.

Сәуірде шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылғанын жазған едік. Бірақ кей азаматтар оны өз елшіліктеріне барып ала алады.

Тағы да оқыңыз: Азаматтардың ЖСН-і аурухана мен дәріхана беретін чектерде көрсетілуі мүмкін