Жаңалықтар

Қазақстан 2026 жылы 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр

мұнай өндіруді
Энергетика министрлігі 2026 жылы елде 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстан Энергетика министрлігі 2026 жылы елде 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы сәрсенбі күні Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженовке мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биылғы болжам Теңіз кен орнындағы жоспарлы тоқтауларды және Каспий құбыр консорциумы инфрақұрылымына жасалған шабуылдардың салдарын ескере отырып жасалған.

«Биыл біз Теңіздегі тоқтаулар мен КТК инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды ескере отырып, 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз. Бұған дейін айтқанымдай, біз шамамен 5 млн тонна мұнай жоғалттық», – деді Ақкенженов

Бұған дейін министр 2026 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 96–98 млн тонна деңгейінде болады деп болжаған еді. Яғни қазіргі жоспар осы дәліздің жоғарғы шегіне жақын.

Қазақстан үшін бұл көрсеткіш маңызды. Өйткені мұнай экспорты ел бюджетінің кірісі, Ұлттық қорға түсетін түсімдер және жалпы экономикалық өсімге тікелей әсер етеді. Әсіресе Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты ірі жобалардағы өндіріс қарқыны елдің жылдық мұнай көрсеткішін айқындайтын негізгі факторлардың бірі.

Сонымен қатар КҚК бағыты Қазақстан мұнайының сыртқы нарыққа шығатын басты экспорттық арналарының бірі саналады. Сондықтан бұл инфрақұрылымдағы кез келген кідіріс немесе қауіпсіздік тәуекелі мұнай тасымалына ғана емес, жалпы өндіріс жоспарына да әсер етеді.

2026 жылдың басында Қазақстанда мұнай өндіру мен экспорт көлемі қысқарған еді. Бұған Теңіздегі технологиялық іркіліс пен КҚК жүйесіндегі шектеулер әсер етті. Дегенмен министрлік жыл соңына дейін өндірісті қалпына келтіріп, 98 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр.