Жаңалықтар

Алматыда оқу-жаттығу кезіндегі жарылыстан екі полицей зардап шеккен

фото: gov.kz

Алматыда оқу-жаттығу кезінде екі полицей жарақат алған. Бұл туралы ІІМ министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлады.

«Қазір бұл оқиға бойынша қызметтік тексеріс басталды. Ішкі істер органдары ішінде жоспар бойынша оқу-даярлық шаралары міндетті түрде өтуі керек. Оқу-жаттығу барысында жарық-дыбыстық гранаталары жарылғанмен ешқандай қауіп жоқ, тек жеңіл жарақаттар орын алған. Барлық қызметкерлер жұмыс орындарына оралды», – деді ол.

Еске салайық, 9 маусымда Алматыда оқу-жаттығу кезінде полицейлердің жаппай жарақат алғаны туралы хабар тарады. Кейбір телеграм-арналар 15 адам жарақаттанған деп жазды. Бірақ полиция департаменті бірден ақпаратты жоққа шығарған.