
Танымал боксшы, Афины Олимпиадасының чемпионы әрі Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев Қызылорда облыстық орталық музейінде қонақ болады. Спортшы музей келушілері үшін арнайы экскурсия жүргізбек.
Ол «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициялық көрме залындағы спорт бұрышын таныстырып, отандық спорттың тарихы, айтулы жетістіктері мен жеңіс тұғырынан көрінген бірегей тұлғалар туралы қызықты деректермен бөліспек. Шараға қатысушылар чемпионның өз аузынан спорттағы қиындықтар мен қызықтар жайында естіп, естелік сәттерге куә бола алады.
Кездесу 17 маусым күні сағат 15:00-де басталады, кіру тегін.
Айта кетейік, қазір Бақтияр Артаев – Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы. Бұл қызметке ол осыдан екі жыл бұрын тағайындалған.
Тағы да оқыңыз: Бақтияр Артаев жетекшілік ететін Қызылорда жылдың үздік спорт өңірі атанды