
Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сотта қылмыстық істегі видеолар көрсетілді.
Соның ішінде Наурыз Мұқанғалиевтің мәйіті түсірілген видео да бар. Сотқа қатысып жатқан журналист Алмас Қабдолдың жазуынша, марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің басы денесінен бөлініп қалған.
«Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің мәйітін тану кезінде бейнежазбаны көріп отыр. Тергеу барысында марқұмның басы денесінен бөлініп қалғаны белгілі болды. Бейнекадрлардан бұл жағдай анық көрінеді», – деп жазды журналист.
Істі қарап жатқан судья Зарема Хамидуллина видеоларды әлеуметтік желіде жариялауға болмайтынын айтты. Мүрде Мұқанғалиев қайтыс болғаннан кейін 10 айдан кейін табылған.
Қылмыстық іс
Сұлтан Сәрсемәлиев сот барысында Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыпқа келіспеді. Сөзінше, мұндай әрекетке өзін қорғау үшін барған. Бұл жағдай абайсызда болғанын айтты.
Сондай-ақ қайын атасы Мақсот Қарабалинді 9 рет, Нәсіп Өтешқалиеваны 8 рет пышақтағанын, осылайша екеуін қасақана өлтіргенін мойындады.
Ал қайын апасы Мейрамгүл Қарабалинаны 32 рет пышақтаған.
