
«Ақтөбе» футбол клубы трансферлік нарықта белсенділік танытып, құрамын тәжірибелі жартылай қорғаушымен күшейтті. Алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы, гүржілік легионер Гиорги Зариа ақтөбелік ұжымның қатарына қосылды.
Кутаиси футбол мектебінің түлегі «Ақтөбе» сапына еркін агент мәртебесінде ауысып отыр. 28 жастағы жартылай қорғаушысы елінде және Қазақстан біріншілігінде біршама табысты өнер көрсеткен. Грузияда «Саско», сондай-ақ тбилисилік және батумилік «Динамо» командаларында ойнап, Грузияның төрт дүркін чемпионы және ел Суперкубогінің иегері атанды. Ал Алматылық «Қайрат» сапында жүріп, Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанған еді.
Зариа өз мансабында жалпы саны 250-ден астам ресми матчқа қатысып, 42 гол соққан және 29 нәтижелі пас берген.
Еске сала кетейік, «Қайрат» футбол клубы Георги Зариамен 2026 жылдың басында қош айтысқан еді.