Жаңалықтар

Қазақстанда 5 жұлдызды қонақүйлердің бөлмелер саны азайған

Қонақүйлердегі бөлме саны азайған / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

KursivMedia зерттеуінше, Қазақстандағы 5 жұлдызды қонақүйлердегі бөлмелер саны бір жылда аздап қысқарған. Ұлттық статистика мәліметінше, 2025 жылы мұндай қонақүйлерде 3 926 бөлме болса, 2026 жылы көрсеткіш 3 810 бөлмеге түсті. Яғни ел бойынша жалпы бөлмелер саны 116-ға азайған.

Айырма үлкен емес. Бірақ бұл жоғары санатты қонақүй нарығында өсім емес, керісінше тоқырау бар екенін көрсетеді. Әсіресе, кей өңірлер бойынша деректің жасырылуы немесе 2026 жылғы тізімде болмауы нарықтың біркелкі дамымай отырғанын аңғартады.

2025–2026 салыстыру

Қазақстандағы 5 жұлдызды қонақ үйдегі бөлмелер саны

2025 жыл 3 926
2026 жыл 3 810
Өзгеріс −116
Өңір 2025 2026 2026 деңгейі Өзгеріс
Ақмола 200 x
x
Атырау 517 517
0
Қарағанды 92 92
0
Маңғыстау 340 340
0
Шығыс Қазақстан 133 x
x
Астана қаласы 1 071 1 071
0
Алматы қаласы 1 264 1 280
+16
Шымкент қаласы 177 177
0

Алматы қаласы әлі де көш бастап тұр. 2026 жылы қаладағы 5 жұлдызды қонақүйлерде 1 280 бөлме болған. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 16 бөлмеге көп. Яғни жоғары санатты қонақүй нарығындағы негізгі өсім Алматыда ғана байқалады.

Астана қаласында көрсеткіш өзгермеген – 1 071 бөлме. Бұл елордада премиум қонақүй қоры тұрақты екенін білдіреді. Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Шымкентте де бөлме саны былтырғы деңгейде қалған.

Жалпы көрініске тоқталсақ, Қазақстанда 5 жұлдызды қонақүйлер негізінен Алматы мен Астанада шоғырланған. Бұл түсінікті де. Іскерлік сапарлар, халықаралық іс-шаралар, туристер мен жоғары табысты қонақтар көбіне осы екі қалаға келеді.

Ал өңірлерде мұндай қонақүйлердің дамуы баяу. Себебі 5 жұлдызды қонақүй салу қымбат, ал оны тұрақты толтырып отыру одан да қиын. Мұндай нысандарға тек турист емес, ірі бизнес, шетелдік делегациялар, форумдар мен тұрақты әуе байланысы керек.

Соңғы жылдары қонақүй қызметтерінің құны да «шарықтап» бара жатыр. Соңғы үш жылдың мәліметіне көз жүгіртсек, республика бойынша қонақүйлерде бір тәулік түнеудің орташа бағасы айтарлықтай өскен.