
Астана әкімдігі сол жағалаудағы төрт көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлады.
Қалада әлеуметтік нысандарға апаратын кірме жолдардың құрылысы басталады. Сонымен қатар кейбір учаскелерде асфальт-бетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
«Әлеуметтік нысандарға кірме жолдар салу. Астана қаласындағы Сығанақ көшесі, Е32, Е15, Е36 көшелері шегіндегі көшелер құрылысы (Шығыс, 2-кезең)» жобасы аясында аталған ауданның кейбір көшелерінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жоспарланып отыр», – деп хабарлады елорда әкімдігі.
Осыған байланысты 11–16 маусым аралығында Айтеке би көшесінің Мәметова көшесінен Е15 көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалысқа шектеу қойылады.

16–24 маусым аралығында Е14 көшесінің Айтеке би көшесінен Е36 көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалысқа шектеу енгізіледі.

Е15 көшесінде Әйтеке би көшесінен Е36 көшесіне дейінгі учаскеде – 24 маусымнан 3 шілдеге дейін қозғалыс шектеледі.

Е35 көшесінде М. Мәметова көшесінен Е15 көшесіне дейінгі учаскеде – 4-10 шілде аралығында жабылады.

Еске салсақ, осыған дейін Ж. Нәжімеденов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Аманжолов, С. Нұрмағамбетов, А. Байтұрсынов бір бөлігінде уақытша қозғалыс шектелетінін жазған едік.