
Amanat партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады. Шешімді Amanat партиясының съезінде партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жариялады.
Съезге қатысушылар шешімге қарсылық білдірмеді, қалыс қалушылар да болмады.
Бұған дейін партия мүшелері Amanat партиясы «Әділет» партиясына қосылатыны туралы мәлімдеме жасады. Олардың сөзінше, қадам ел дамуының стратегиялық міндеттерін сәтті жүзеге асыру және әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды құру жолында жинақталған тәжірибені, кадрлық және қоғамдық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді.