
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Amanat партиясының «Әділет» партиясына қосылуына пікір білдірді.
Перуашев мұны дұрыс шешім деп атап, әріптестерін құттықтады.
«Қос партияның да ауқымды идеологиялық әрі ұйымдастырушылық тұғырнамаларын, өзара ұқсас электоратқа бағдарланғанын ескерсек, ресурстары мен күш-жігерін біріктіруі қоғамды халықтық Конституция мен Республиканың жаңа саяси моделін іске асыру жолында жұмылдыруда шын мәнінде позитивті рөл атқара алады.
«Ақ жол» демпартиясының бұл модельдегі өз жолы бар. Дегенмен, қалай болғанда да, әріптестеріміздің таңдауының дұрыстығын мойындамауға болмайды», – деп жазды Перуашев.
Бұған дейін Amanat партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады.