Қоғам

Нұрай Серікбайдың ісі бойынша тергеу аяқталды

Тергеу амалдары аяқталды/фото: Нұрай Серікбайдың туыстары

Шымкентте қайтыс болған 21 жастағы Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты тергеу әрекеттері аяқталды. Бұл туралы жәбірленушілердің адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.

«Тергеу әрекеттері аяқталды. Қазірге дейін жәбірленуші тарап пен олардың адвокаты қылмыстық істің 1-7 томдарымен танысып, көшірмелерін алдық.

Қылмыстық іс материалдарымен танысып жатырмыз», – деді адвокат.

Тараптар іс құжаттарымен танысып болғаннан кейін материалдар сотқа жолданады.

Нұрай Серікбайдың қазасы

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары кешке 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.

Күдікті Шымкенттегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің № 69 мекемесінде отыр.

Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Олар:

  • 125-1-бап – «некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • 115-1-бап – «сталкинг»;
  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы  «аса қатыгездікпен адам өлтіру».