
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) әлемдік экономиканың даму қарқынына қатысты кезекті болжамын жариялады. Қаржы ұйымының «World Economic Outlook» атты сәуірдегі баяндамасында Қазақстан инфляция деңгейі жоғары әлемдегі ең үздік 20 елдің қатарына енгені жазылған.
Сарапшылардың пайымдауынша, биыл елдегі инфляция көрсеткіші 10,7%-ды құрамақ. Бұл есеп бойынша Қазақстан жаһандық рейтингте 18-орынға тұрақтады.
Дәл осы тізімде Қырғызстан да 10,6%-дық көрсеткішпен 19-орынға жайғасқан. Осылайша, қос мемлекет посткеңістіктегі инфляция деңгейі ең жоғары елдер ретінде тіркеліп отыр.
Әлем бойынша инфляция деңгейі ең жоғары мемлекет ретінде Венесуэла көш бастап тұр, ондағы баға өсімі 387,4%-ға жеткен. Ал жаһандық деңгейде дефляция, яғни бағаның төмендеуі байқалатын жалғыз ел – Коста-Рика (-0,4%).
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстандағы жылдық инфляция төмендеп келеді. Сәуір айында 10,6 пайызды құраса, мамырда 10,4 пайызға дейін түсті. Дегенмен қазақстанда азық-түлік қымбат. Халық тапқан табысының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайды.