
Қазақстанда әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда балағат және былапыт сөздер жазғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.
Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта интернет кеңістігіндегі тәртіпті реттеуге бағытталған арнайы түзетулер әзірленіп жатыр.
Қандай өзгерістер енгізілмек?
Бектеновтің мәлімдеуінше, қазіргі таңда «Онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы дайындалған.
ӘҚБтК-нің 434-бабын толықтыру: Құжат аясында аталған бапқа түзетулер енгізу арқылы онлайн-платформалардағы былапыт сөздер үшін нақты әкімшілік жауапкершілік белгілеу ұсынылып отыр.
Құжат ағымдағы жылдың маусым айында кеңінен талқылауға шығарылады.