Жаңалықтар

AMANAT «Әділетке» қосылды – партия съезі «қолдап» дауыс берді

Фото: ЖИ арқылы жасалды

«ӘДІЛЕТ» партиясының II съезінде күн тәртібіндегі үшінші мәселе ретінде «AMANAT» партиясының «Әділет» партиясына бірігуі жөнінде шешім қабылданды.

Есеп комиссиясы ұсынған мәліметке сай, ұсынылған шешім съезд делегаттарының бірауызды қолдауымен қабылданды. Қарсы дауыс бергендер мен қалыс қалғандар болған жоқ.

«Шешім қабылданды. AMANAT саяси партиясы «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылды. Бұл – еліміздің саяси өміріндегі тарихи сәт», – деп мәлімделді съезд барысында.

Еске салайық, Астанада «Әділет» партиясының II съезі өтті. Съезге партия делегаттары, сондай-ақ қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдері қатысты.

12 маусымда Amanat партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдаған болатын. Шешімді Amanat партиясының съезінде партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жариялады.