
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. Жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды.
Тоқаев Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі«, – делінген хабарламада.
Еске салайық, 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге мемлекеттік мереке – Ресей күніне орай құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.