Жаңалықтар

Тоқаев жаңа туған ақалтеке құлындарын көрсетіп, оларға ат қойды

Фото: instagram.com/tokayev_online

Қасым-Жомарт Тоқаев асыл тұқымды арғымақтарын көруге келіп, жаңадан туған ақалтеке құлындарына ат қойды.

Мемлекет басшысы құлындардың фотосуреттерін өзінің Instagram парақшасында жариялап, жуырда ахалтеке жылқыларының қатары көбейгенін мәлімдеді.

Фото: instagram.com/tokayev_online

«Бүгін асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы келдім. Жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатарына жаңа арғымақтар қосылған», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жаңа туған құлынның біріне Ақниет деп қойғанын жеткізді. Ал кейінгі туғанын Бөрте деп атаған.

Фото: instagram.com/tokayev_online

«Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар деген. Желмен жарысқан жүйрік болсын деп тіледім», – деді Президент.

Фото: instagram.com/tokayev_online

Ақалтеке тұқымы – әлемдегі ең көне жылқы тұқымдарының бірі. Ол төзімділігімен, жүйріктігімен және ерекше келбетімен жоғары бағаланады.