Жаңалықтар

Астана «AMANAT» атауынан арылып жатыр

фото: Nege.kz

Заңды құжаттарға қол қойылмай жатып, AMANAT партиясы атауын өзгертуге кірісіп кетті. Партияның Астанадағы орталық аппараты орналасқан ғимарат сыртындағы AMANAT атауы алынып тасталып, онына ӘDILЕТ деген тақтайша ілінген. Ғимараттың жаңа атауының суреті телеграм-каналдарға тараған.

Nege.kz тілшісінің жазуынша, партияның аймақтағы филиалдары да атауын өзгертуге кіріскен.

Еске салайық, 12 маусымда «Аманат» партиясының съезі өтіп, «Әділет» партиясына қосылатынын хабарлады. Партия депутаты Айдос Сарым мұны Құрылтайдағы басымдықты сақтап қалу үшін күш біріктіріп жатырмыз деп түсіндірді.

14 маусымда «Әділет» партиясы съезін өткізіп, «Аманат» ұсынысын қабылдады.

Депутат Ерлан Сайыровтың сөзінше, партия атауы «Әділет» болады, бірақ екі партияның бір-біріне ресми қосылуына кемінде жарты жыл уақыт кетуі мүмкін.