Жаңалықтар

«Kyzdar.net» ұйымдастырушылары айына 500 млн теңге пайда тапқан

"Kyzdar.net" сайтын неге бұғаттай алмай отыр
«Kyzdar.net» ұйымдастырушылары айына 500 млн теңге пайда тапқан / Фото: Shutterstock

Ішкі істер министрлігі еліміздегі жеңгетайлық пен интимдік қызметтерді насихаттайтын «Kyzdar.net» интернет-ресурсының серверлік инфрақұрылымын ұйымдастырушылар мен түпкілікті бенефициарларын құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында аталған сайттың желіде жеңгетайлықты жарнамалау және азаматтарды заңсыз қызметке тарту үшін қолданылғаны анықталды. Платформада интимдік сипаттағы 9 мыңға жуық анкета орналастырылған. Оның ішінде 500-ден астамы трансвеститтер мен дәстүрлі емес сексуалдық бағдардағы адамдарға тиесілі болған.

IT-компанияның «көлеңкелі» табысы Күдіктілердің кәдімгі IT-компаниялардың бірінің негізін қалаушылар екені белгілі болды. Олар «Kyzdar.net»-ті жай ғана сайт емес, басқа да заңды IT-жобаларын сынақтан өткізетін технологиялық база ретінде пайдаланған. Қылмыстық бизнес осыншалықты ауқымды болған:

  • Табыс көлемі: «Kyzdar.net»-тің заңсыз қызметінен түскен қаржы ағыны айына 500 миллион теңгеденасқан.
  • Қаржылық айла: Ақша қозғалысын жасыру үшін криптовалюта құралдары белсенді пайдаланылған.

Тәркіленген дүние-мүлік Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктілерден қомақты қаражат пен дәлелдемелерді тәркіледі:

  • 1,3 миллион АҚШ долларынан астам қаржы (оның 300 мың доллары – криптовалюта);
  • 144 миллион теңге қолма-қол ақша;
  • Шамамен 150 бірлік компьютерлік техника және өзге де құрылғылар;
  • Қару-жарақ, оқ-дәрілер және автокөліктер.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда. ІІМ өкілдерінің мәліметінше, қылмыстық схемаға қатысы бар басқа да сыбайластар мен заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру жолдары анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске сала кетейік, мұндай ресурстардың жұмысын тоқтату – қоғамдық қауіпсіздік пен адамгершілік құндылықтарды қорғау тұрғысынан маңызды қадам болып саналады.

Айта кетейік, тек 2024 жылдың өзінде Kyzdar.net сайты 259 рет бұғатталған. Алайда интимдік қызметтер туралы хабарландырулар жарияланатын ресурс домен атауларын жиі өзгерту арқылы жұмысын жалғастырып келеді. Мамандар мұны сайттардың шетелдік хостингтерде орналасуыменбайланыстырады.

Мұның алдында Сенатор Марат Қожаев интимдік қызметтер ұсынатын «Kyzdar.net» сайты неліктен әлі күнге дейін бұғатталмағаны жөніндегі сұраққа жауап берді.