Жаңалықтар

Маңғыстауда Джеки Чан фильмінің түсірілімі басталды

фото: Маңғыстау облысы әкімдігінен

Маңғыстауда Джеки Чан ойнайтын «Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асырып жатыр. Фильмнің негізгі түсірілім алаңының бірі ретінде Бозжыра шатқалы таңдалған. 7-12 маусым аралығында мұнда 35 адамнан тұратын түсірілім тобы фильмнің бірқатар көріністерін таспалайды.

фото: Маңғыстау облысы әкімдігінен

Түсірілім жұмыстары биыл аяқталады деген жоспар бар. Ал фильмнің прокатқа шығуы 2027 жылдың ақпан айына белгіленген.

Бұған дейін картинаның бір бөлігі Қаскелеңде түсірілген. Ол үшін арнайы «Dala Stage» кинопавильоны салынған.