Жаңалықтар

Қазақстанда ең тапшы мамандардың тізімі жарияланды

Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жарияланды
Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жарияланды \ фото: kursiv.media

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы елдегі ең тапшы әрі сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жасады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша, Электрондық еңбек биржасында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Болжам бойынша, биыл көрсеткіш кем дегенде тағы 100 мың орынға артады.

Елдегі бос жұмыс орындарының үштен бірі, яғни 340 мыңнан астамы білім беру саласына тиесілі. Сұраныс бойынша екінші орында денсаулық сақтау саласы тұр. Қазір ауруханалар мен емханаларға 110 мың дәрігер мен медициналық қызметкер қажет.

Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне 95 мың, ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік басқару саласына 80 мыңнан астам маман іздестіріліп жатыр. Ең сұранысқа ие ондықтың қатарында сауда, құрылыс, көлік және қойма салалары бар.

Нақты мамандықтар бөлінісінде ең үлкен тапшылық жұмысшы мамандарға қатысты болып отыр. Елде 80 мыңнан астам қосалқы жұмысшы мен 50 мыңнан астам аула сыпырушы жетіспейді.

Сонымен қатар қызметтік үй-жайларды жинаушыларға, әлеуметтік қызметкерлерге, балабақша тәрбиешілері мен қоғамдық пән мұғалімдеріне сұраныс жоғары.

Айта кетейік, бұған дейін қандай мамандық иелеріне 2 млн теңгеге дейін жалақы ұсынылатынын жазған едік.