
Қызылордада аттракцион жасөспірімнің аяғын басып қалды. Бұл ақпаратты аймақтың полиция департаменті растады.
Әлеуметтік желілерде оқиғаның кадрлары пайда болды. Жарияланым авторының айтуынша, оқиға қаладағы «Арай» саябағында болған.
«Шұғыл көмек қажет. «Арайда» ауыр жағдай орын алды. Аттракцион баланың аяғын «жұтып» қойды. Қазір жағдайы ауыр. Шұғыл түрде қан қажет», – деп жазды қолданушылар.
Полиция абайсызда ауыр дене жарақатын келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі уақытта іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаменті.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтауда 3 жасар баланың үстіне 50 келілік аттракцион бөлігі құлап кеткенін жазған едік. Оқиғадан кейін оған емдеу және психологиялық көмек қажет болған.