
Әнші Сәкен Майғазиев немерелі болды. Сүйінші жаңалықты әртіс инстаграм парақшасына жариялады.
«Сүйінші, немерелі болдым. Аллаға мың шүкір! Бақыттан басым айналып тұр», – дейді ол желідегі видеода.
Оның үлкен ұлы Әділдің келіншегі Әдия босанды. Бұған дейін парақшасындағы видеосында жас жұбайлар болашақ сәби қыз екенін айтқан еді.
Әділ мен Әдияның үйлену тойын Сәкен Майғазиев былтыр маусымда дүркіретіп өткізген. Тойға 800-ге жуық адам шақырылды, ал әнші оқырмандары оны тікелей эфирде тамашалады.
Майғазиевтің немерелі болатынын білген түрік кәсіпкері тосын сый жасауға уәде берді.