
Алматы облысы, Қарасай ауданында үйін есірткі зертханасына айналдырған жігіт ұсталды. 29 жастағы азамат синтетикалық есірткі дайындап отырған.
Оның үйіне тінту жүргізгенде 28 килограмнан астам α-PVP, 880 литр прекурсор және арнайы зертханалық жабдықтар тәркіленді.
«Дайын синтетика өндірілген алғашқы партия болған. Оның көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Іс жүзінде өңірдегі криминогендік ахуалға елеулі қауіп төндіретін «есірткі орталығы» жойылды», – деп хабарлайды ІІМ өкілдері.
Қазір іске қатысты тергеу басталды. Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін Алматыда көпқабатты үйдің жертөлесінен есірткі зертханасы анықталғанын жазған едік. Күдіктілер қарасораға ұқсас ондаған түп өсімдік пен кептірілген өсімдік тектес заттар өсіріп келген.