
16 маусымда Қазақстанның барлық аумағында дерлік аптап ыстық күтіледі.
Тек батыс аймақтарда ғана найзағай ойнап, дауылды жел соғады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
«Қазгидромет» мәліметінше, Жамбыл, Қызылорда және Жетісу облыстарында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі.
Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында термометр бағандары 35 градус ыстыққа дейін көтеріледі.
Атырау және Ақтөбе облыстарында жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы шамамен 26 градус жылы болады.
Астанада күн ашық болады, күндіз ауа температурасы 30 градус дейін көтеріледі.
Бұған дейін «Қазгидромет» 16 маусымға ауа райы болжамын ұсынды.