
Ұлыбритания 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салады. Бұл туралы маусым күні елдің премьер-министрі Кир Стармер X желісінде мәлімдеді.
Жаңа ережелер 2027 жылы көктемде күшіне енуі керек.
«Балалар технология бүкіл жерді жаулап алған әлемде өмір сүруге мәжбүр. Бұған ары қарай жол бере алмаймыз. Біз балалардың балалық шағын өзіне қайтарамыз», – деп жазды Кир Стармер парақшасында:
Жаңа заң жобасын үкімет Рождество мерекесіне дейін парламент қарауына ұсынуы керек. Билік Аустралияның моделін қолдануды жоспарлап отыр. Яғни Snapchat, TikTok, YouTube, Instagram, Facebook және X сияқты платформаларға тыйым салынады, бірақ WhatsApp пен Signal сияқты мессенджерлерге шектеу қойылмайды.
Сонымен қатар, билік 18 жасқа толмағандар үшін әлеуметтік желілерді түнде пайдалануды шектеу және лентаны тоқтаусыз парақтау мәселесін де қарастырып жатыр. Романтикалық қызмет көрсететін, қарым-қатынасты немесе рөлдік ойындарды имитациялайтын жасанды интеллект чат-боттарына да тыйым салмақ.