Жаңалықтар

Мажарстан премьер-министрдің өкілеттік мерзімін шектеді

Мажарстан президенті Петер Мажар
Мажарстан премьер-министрдің өкілеттік мерзімін шектеді / фото: REUTERS/Marton Monus

Мажарстан парламенті премьер-министрдің қызметте болуын екі төртжылдық мерзіммен шектейтін конституцияға түзетуді қабылдады.

Түзетуді қабылдау үшін 134 депутат дауыс берді, 50-і қарсы шықты, алтауы қалыс қалды.

Жаңа заңның кері күші бар және ол 1990 жылдан бастап премьер-министр қызметін атқарғандардың барлығына қатысты қолданылады.

Бұл Мажарстанның экс-премьері Виктор Орбанның үкімет басшысы қызметіне қайта орала алмайтынын білдіреді. Ол өзінің саяси мансабында министрлер кабинетін бес мерзім бойы, оның ішінде 2010 жылдан бері үздіксіз басқарды.

Түзетудің бастамашысы ретінде қазіргі премьер-министр Петер Мадьярдың биліктегі «Тиса» (Tisza) партиясы сөз сөйледі.

Премьер-министрдің өкілеттік мерзімін шектеу 2026 жылдың сәуірінде өткен парламенттік сайлауда жеңіске жеткен оның партиясының негізгі сайлауалды уәделерінің бірі болды.

Түзетуге Виктор Орбанның «Фидес» партиясы дәстүрлі түрде қарсы дауыс берді. Орбанның өзі парламенттің шешімін «ақылға қонымсыз» деп атады.

Бұл конституциялық реформа Мажастанның жаңа үкіметінің демократиялық өзгерістерге және биліктің шамадан тыс шоғырлануына жол бермеуге бағытталған алғашқы маңызды қадамдарының бірі болды.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Петер Мадьяр Мажарстанның жаңа премьер-министрі болып сайланды.