Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: Мбаппенің екі голы Францияға жеңіс сыйлады

Мбаппенің екі голы Францияға жеңіс сыйлады / фото: Shaun Botterill – FIFA/FIFA via Getty Images)

Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1-туры аясында Франция мен Сенегал құрамалары кездесті. FIFA рейтингінде 3-орында тұрған Франция өзінің фаворит екенін дәлелдеп, 15-орындағы Сенегал құрамасын 2:0 есебімен қапы қалдырды.

Матч барысы

Ойынның бірінші таймында Сенегал құрамасы қорғаныста жинақы ойнап, француз шабуылшыларына мүмкіндік бермеді. Тіпті өздерінде де гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Алайда алғашқы 45 минут 0:0 есебімен тең аяқталды. Екінші таймда Франция құрамасы басымдықты өз қолына алды.

66-минутта Франция құрамасының көшбасшысы Килиан Мбаппе Майкл Олисенің керемет пасынан кейін, ойын есебін ашты.

80-минутта бас бапкер Дидье Дешам ойыншыларды алмастырып, Усман Дембеленің орнына Брэдли Барколяны шығарды. Алаңға жаңадан шыққан Барколя Адриен Рабьоның пасынан кейін есепті еселей түсті – 2:0.

Матчтың негізгі уақыты бітіп, төреші 8 минут қосқан кезде алаңда нағыз шайқас басталды. 90+5 минут Сенегал құрамасы соңына дейін берілмейтінін көрсетті. Алаңға тыңнан қосылған И. Мбайе француз қорғаушыларының қателігін пайдаланып, есеп айырмасын қысқартты – 2:1.

Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады. Гол жіберіп алған Франция бірден қарсы шабуылға шығып, небәрі бір минуттан кейін Килиан Мбаппе өзінің бұл матчтағы екінші голын соғып, нүктені қойды – 3:1.

Осылайша, Франция құрамасы осы жеңісінен кейін алғашқы үш ұпайына қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Испания Кабо-Вердемен тең түскен еді.