Жаңалықтар

АҚШ-та Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ жағдайды бақылауға алды

Министрлік Еламан Балтагерейдің АҚШ-та ұсталғанынан хабардар екенін айтты
Еламан Балтагерей АҚШ-та ұсталды/ фото: Іcegov

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейдің ұсталуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді.

Баспасөз қызметі қазақстандықтың ұсталғанынан хабардар екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Қосымша ақпарат ресми мәліметтердің түсуіне қарай берілетін болады», – деп мәлімдеді ҚР баспасөз қызметі.

Айта кетейік, АҚШ-тың Көші-қон және кеден бақылауы қызметі (ICE) федералдық серіктестердің қолдауымен Еламан Балтагерейді 5 маусымда ұстағаны белгілі болды. Оған терроризмге қатысы бар деген күдік тағылды.

Еламан Америкада заңсыз жүргендіктен, 2025 жылы жазда көші-қон соты оны елден шығару туралы шешім қабылдаған. Бірақ ол сот отырысына келмей қалған. Енді оны АҚШ-тан мәжбүрлеп депортациялайды.