Жаңалықтар

Мемлекет үлесі қысқарды: инвестицияны бизнес өз есебінен көбірек қаржыландыра бастады

Нұрсұлтан Ерболатұлы
мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың үлесі айтарлықтай қысқарған / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2026 жылғы қаңтар–мамырда Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,7 трлн теңгеден асты. Инвестицияның басым бөлігі компаниялардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылған. Бұл қаржы көзінің 67,4-ын құрады. Былтырғы тиісті кезеңде көрсеткіш 65,6% еді.

Ал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың үлесі айтарлықтай қысқарған. ҚР ҰСБ мәліметінше 2026 жылдың алғашқы бес айында бюджет қаражаты инвестицияның 14,4%-ын құрады. Бір жыл бұрын көрсеткіш 22% болған. Яғни мемлекеттік қаржыландырудың жалпы құрылымдағы салмағы 7,6 пайыздық пунктке төмендеді.

Қаңтар–мамыр 2026

Инвестицияның 67,4%-ы компаниялардың өз қаражатынан салынды

2026 жылғы қаңтар–мамырда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,7 трлн теңгеден асты. Мемлекеттік бюджеттің үлесі азайып, банктер кредиті мен басқа қарыз қаражатының үлесі өсті.

Жалпы инвестиция көлемі
6 742 306 077
мың теңге
Ең үлкен қаржыландыру көзі
67,4%
меншікті қаражат үлесі
Ең көп қысқарған үлес
−7,6 п.п.
мемлекеттік бюджеттен
Меншікті қаражат
4 543 443 429 мың теңге
+1,8 п.п. 2025 жылмен салыстырғанда
2026 қаңтар–мамыр
67,4%
2025 тиісті кезең
65,6%
Мемлекеттік бюджеттен
968 445 596 мың теңге
−7,6 п.п. 2025 жылмен салыстырғанда
2026 қаңтар–мамыр
14,4%
2025 тиісті кезең
22,0%
Басқа да қарыз қаражаты
843 269 201 мың теңге
+3,7 п.п. 2025 жылмен салыстырғанда
2026 қаңтар–мамыр
12,5%
2025 тиісті кезең
8,8%
Банктердің кредиттері
387 147 851 мың теңге
+2,1 п.п. 2025 жылмен салыстырғанда
2026 қаңтар–мамыр
5,7%
2025 тиісті кезең
3,6%
Шетелдік банктердің кредиттері
0,1%
4 927 698 мың теңге · 2025 жылғы тиісті кезеңде 0,3%
Резидент емес қарыз қаражаты
3,5%
237 105 809 мың теңге · 2025 жылғы тиісті кезеңде 2,8%

Керісінше, қарыз қаражатының үлесі өскен. Банктердің кредиттері негізгі капиталға салынған инвестицияның 5,7%-ын құрады. 2025 жылғы қаңтар–мамырда көрсеткіш 3,6% болған. Басқа да қарыз қаражатының үлесі де 8,8%-дан 12,5%-ға дейін артты.

Оның ішінде шетелдік банктердің кредиттері жалпы инвестицияның небәрі 0,1%-ын құраса, резидент емес қарыз қаражатының үлесі 3,5% болды. Былтыр көрсеткіш тиісінше 0,3% және 2,8% деңгейінде еді.

Жалпы дерек инвестиция құрылымында жеке сектор қаражатының рөлі жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет үлесінің азаюы аясында қарыз қаражатының салмағы біртіндеп артып келеді.

Еске сала кетейік, өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар туралы жазған едік