
Осы күндері Францияда «Үлкен жетілік» саммиті өтіп жатыр. Ресми жиыннан кейінгі кофе-брейк кезінде Италия премьер-министрі Джорджа Мелони әріптестерімен маңызды жаңалығын бөлісіп, темекі шегуді толықтай тастағанын айтты. Бұл туралы Euronews жазады.
Италия үкіметі басшысының әңгімесі өзге елдердің жетекшілерін де бей-жай қалдырмай, кенеттен әлемдік көшбасшылар арасында салауатты өмір салты туралы қызу талқы туған.
Әсіресе, Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта Мелониге үлкен қолдау білдірді. Еуропалық жоғары лауазымды шенеунік Италия премьерінің шешімін құптап, өзінің темекіден бас тартқанына 21 жыл болғанын мақтанышпен жеткізді. Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры да Италия премьер-министрін салауатты өмір салтын таңдағанымен құттықтады.
Брюссельдегі мамандардың айтуынша, мұндай бейресми сәттер «кулуарлық дипломатияда» өте маңызды рөл атқарады.
Еске салайық, осыдан жарты жыл бұрын ғана Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған Мысырда өткен жиында Мелониге темекіні тастауға кеңес берген еді.