Жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанда БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстанда БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойды / Фото: Ақорда, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы туралы өзара түсіністік меморандумын ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Құжат Қазақстанда Орталық Азия елдері мен Ауғанстандағы орнықты даму мақсаттарын іске асыруды ілгерілетумен және үйлестірумен айналысатын Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік орталығын құруды көздейді.

Заңның мәтіні ресми баспасөзде жарияланады. Бұған дейін Өңірлік орталық БҰҰ институттары үшін тартылыс нүктесіне айналып, орнықты даму саласындағы бірлескен бағдарламалар санының өсуіне ықпал ететіні атап өтілген.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан БҰҰ-мен бірігіп, Түркістанға жасанды жаңбыр жауғызуды қолға алатынын жазған едік.