Қауіпсіздік

Жыл басталғалы түрмеден қашып жүрген 600-ге тарта қылмыскер ұсталды

Полиция завела уголовное дело после гибели двух рабочих на "Казцинк"
Президент ІІМ қабылдады / Фото: Shutterstock

Елде құқық бұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі артқан. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауында болған ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Сәденов берген ақпаратқа сәйкес, 2026 жылдың алғашқы 5 айында тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендеген.

«Өткен жылдары жасалған 1 685 қылмыс ашылған. Сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылды», – делінген ақпаратта.

Ақорданың хабарлауынша, президент елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, 2026 жылдың бес айында синтетикалық есірткі өндіретін 12 зертхана және 42 фитозертхана жойылды. 12 мыңға жуық заңсыз онлайн-ресурс бұғаттауға жіберілді