Жаңалықтар

Еңбек министрі курьер анаға қатысты пікір білдірді

Сколько тратит на семью в Казахстане, признался вице-министр Ертаев
фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Үкімет отырысында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаев сәбиін арқалап, курьер болып жұмыс істеп жүрген анаға қатысты деректерді айтты.

Министрдің сөзінше, жас отбасы Астанаға көшіп келген. Отағасының жоғары білімі бар, бірақ тұрақты жұмысы жоқ. Ал курьер болған келіншек техникалық орта білім алған.

«Күйеуі ауырып жатқан жоқ. Кредиті бар 2 млн теңгеге, автомобилі бар, Шымкентте олар жақсы өмір сүреді. Туған ағасы ломбард саласында жұмыс істейді. Ата-анасының да жағдайы жаман емес», – деді министр.

Асқар Ертаевтың сөзінше, келіншектің жұбайы ауырып жатыр деген ақпарат та шындыққа жанаспайды екен. Қазір оған Мансап орталығынан бірнеше бос жұмыс орындарын ұсынған.

Болған жағдайға пікір білдірген еңбек министрі баласымен бірге курьер қылып алған компанияға да сұрақтар бар екенін айтады.

«Иә, ол шынымен курьер ретінде тіркелген. Бірақ бізде ол орналасқан компанияға қатысты сұрақтар бар. Жұмысқа шығар алдында қандай нұсқаулық айтылды, оны баламен қалай жұмысқа шығарған. Қазір жұмыспен қамту платформасы уақыт сұрады, олардың жауабын күтіп отырмыз. Келесі аптада диалогты жалғастырамыз», – дейді Асқарбек Ертаев.

Еске салайық, бір апта бұрын Threads желісінде баласымен бірге курьер болып жүрген ананың суреті тарады. Көпшілік әйелдің кім екенін іздеуге кірісті.

Кейін олардың жалдамалы үйде тұратыны, қаржылық қиындықтары бар екені белгілі болды.