
Үкімет қаулысымен 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде, Надежда Морозоваға 5 мың доллар мөлшерінде ақшалай сыйақы берілді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпияда ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау) пен үздік алтылыққа енген Надежда Морозоваға (конькимен жүгіру) ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Үкімет резервінен спортшылармен қатар олардың жаттықтырушыларына төлемдер бөлінді. Жалпы алғанда, 2 спортшы мен 5 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды.
Ақшалай сыйақы жүлдегер спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына төленді.
Олимпиада жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.
Михаил Шайдоров 2026 жылғы 14 ақпанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанды. Ал 25 ақпанда оны Ақордада президент құттықтады.
Бұған дейін ол балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне 6 млн теңгені құрайтын сертификаттар табыс етті.