Қоғам

Қарабалиндердің туысы Сұлтан Сәрсемәлиевтен 70 млн теңге талап етіп отыр

Атырауда сот процесі өтіп жатыр/фото: Айгерім Таубай

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот жалғасып жатыр. 18 маусымдағы сот отырысында азаматтық талап арыз сомасы жарияланды.

Қайтыс болған Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шылмағамбетова сотталушы Сәрсемәлиевтен 70 млн теңге моральдық және материалдық шығын талап етіп отыр.

Сұлтан Сәрсемәлиев бұл қаражатты төлеуден бас тартпайтынын, алайда қаржылық жағдайы жетпейтінін айтты.

«Талап арызды қабылдаймын, бірақ қайтаратыныма кепілдік бере алмаймын. Алдымда өмір бойы түрме… күтіп тұр», – деді сотталушы.

Қылмысын бірден мойындаған

Сұлтан Сәрсемәлиев тергеушіге жетпей-ақ әуежайда шетелден қабылдап алған кісілерге жасаған қылмысын мойындаған.

«…Ақталатындай, қылмыстан жалтаратындай ешқандай әрекет жасаған жоқпын.

Түсінемін, артық кеттім. Бірақ олар да өздері сұрап алғандай болды. Біреуі болмаса біреуі қояр деп мүмкіндік бердім ғой», – дейді Сәрсемәлиев жылап.

Атыраудағы трагедия | Сұлтан Сәрсемәлиев өлім жазасына да дайын | Бес баланы кім бауырына басты?