
Семейде жоғалып кеткен қос жасөспірім дін аман табылды. Бұл туралы ІІМ хабарлайды.
Іздеу шараларының нәтижесінде таңғы сағат 09:10 шамасында балалар жергілікті тұрғындардың бірінің ауласынан табылды. Үй иесі балаларды көре сала, бірден полицияға хабарлаған. Аман-есен табылған балалар ата-аналарына тапсырылды. Қазіргі уақытта балалармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
ІІМ өкілдері бала тәрбиесіне салғырт қарап, қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмағаны үшін ата-аналар жауапкершілікке тартылады деп ескертеді. Бұл мәселеге қатысты жиналған құжаттар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады.
Абай облысының Полиция департаменті ата-аналарға балалардың қайда жүргенін, әсіресе, жазғы уақытта, кешкі және түнгі мезгілде үнемі қадағалап отыру қажеттігін ескертеді.
Жоғалған екі бала 17 маусымда кешкі 20:00 шамасында Семей қаласы, Восточный елдімекені маңында болған. Содан кейін ата-анасы көз жазып қалған.