
Синоптиктер 18 маусымда елде тұрақсыз ауа райы орнайды деп болжап отыр.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ жауып, дауылды жел тұруы мүмкін. Қазақстанның батысы мен солтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Қай облыстарда аптап ыстық күтіледі?
Ауа райының тұрақсыздығына қарамастан, бірқатар өңірде қатты ыстық сақталады. Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріледі.
Аптап ыстық пен желді ауа райы салдарынан бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып тұр.
Жоғары өрт қаупі Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Алматы және Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында бар.
Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау өңірлерінде жарияланды.
Бұған дейін «Қазгидромет» әр облыс бойынша 18 маусымда болатын ауа райы болжамдарын жариялаған еді.