
АҚШ, Канада және Мексика жасыл алаңдарында өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының тоғызыншы ойын күні басталмақ. Маусымның 19-нан 20-на қараған түні жанкүйерлер С және D топтарындағы екінші тур матчтарын тамашалай алады.
Ойын кестесі
00:00 АҚШ – Аустралия
Мундиаль қожайындары – АҚШ құрамасы алғашқы турда Парагвайды (4:1) ірі есеппен жеңіп, турнирді сәтті бастаған. Енді олар бірінші турда Түркияны (2:0) ұтып, басты сенсация жасаған Аустралиямен кездеседі. Бұл матчта D тобының жеке-дара көшбасшысы анықталады.
03:00 Шотландия – Марокко
Шотландықтар алғашқы ойында Гаитиді 1:0 есебімен қапы қалдырса, Марокко құрамасы Бразилиямен 1:1 есебімен тең тарқасты.
05:30 Бразилия – Гаити
Бразилиялықтар алғашқы турдағы сәтсіздіктен кейін жанкүйерлері алдында ақталуға тырысады. Олар С тобының айқын аутсайдері саналып отырған Гаитиге қарсы матчта Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізуді көздейді.
08:00 Түркия – Парагвай
Алғашқы кездесулерде қос команда да жеңілістің ащы дәмін татты. Сондықтан Түркия мен Парагвай құрамалары бұл ойында ештенеден аянбай, барын салып ойнайтындары анық.
Ойындарды қайдан көруге болады?
Қазақстандық футбол сүйер қауым әлем чемпионатының барлық ойындарын тікелей эфирде тамашалай алады. Трансляциялар Qazsport пен Qazaqstan арналарында көрсетіледі.
Айта кетейік, Мексика топтық кезеңде алғашқы екі ойында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне алғашқылардың бірі болып шықты.