Жаңалықтар

Алғаш рет Жасанды интеллект мамандары «Болашақ» бағдарламасына қол жеткізді

Болашақ
Алғаш рет Жасанды интеллект мамандары «Болашақ» бағдарламасына қол жеткізді / коллаж kursiv.media

Қазақстанда алғаш рет «Болашақ» бағдарламасы аясында жасанды интеллект бағыты бойынша халықаралық тағылымдамалар тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Конкурс қорытындысы бойынша 184 қазақстандық стипендия иегері атанды. Орташа есеппен бір орынға алты адамнан келді. Олардың ішінде 137 адам магистратурада, 10 адам докторантурада білім алады, тағы 37 адам шетелдік университеттер мен зерттеу орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Бұдан бөлек, 51 қатысушы әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін гранттар алды. Сондай-ақ шығармашыл жастардың бағдарламаға қатысу мүмкіндіктері кеңейтілді.

Енді «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға тек халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстардың жеңімпаздары ғана емес, сонымен қатар халықаралық шығармашылық сайыстардың жүлдегерлері де үміткер бола алады.

Айта кетейік, бұған дейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша атом саласы мамандарына басымдық берілетіні туралы жазған едік.