
Алматыда 1930 қорап жалған Nesquik үлпегі тәркіленіп, жойылды, деп хабарлады қалалық әділет департаменті.
Брендтің заңсыз пайдаланылғаны туралы тауар белгісінің құқық иеленушісі мәлімдеді. Өтініштен кейін департамент пен киберполиция жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оның барысында құрғақ таңғы астың контрафактілік қаптамаларының сатылып жатқанын анықтады.
Қызметкерлер жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асатын 1930 қорапты тәркіледі.
Сонымен қатар, кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Сот тәркіленген өнімдердің көзін жою туралы шешім шығарды.
Айта кетейік бұған дейін ірімшік пен сүзбе өндірісі 39,2%-ға, қант және шоколад қосылған кондитерлік өнім – 21,4%-ға, жарма өндірісі 20,8%-ға өскенін жазған едік.