Алматыда электрокар үлесі әлі де мардымсыз / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы
Қазақстанда электрлі көлік нарығы біртіндеп өсіп келеді. Дегенмен жалпы автопаркпен салыстырғанда электрокарлардың үлесі әлі де өте төмен. Ел бойынша 5 млн-нан астам жеңіл автомобиль тіркелсе, соның 24,6 мыңы ғана электрлі көлік. Яғни жалпы автопарктегі үлесі шамамен 0,49%.
Электрокар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласына тиесілі. Қалада 15 280 электрлі автомобиль тіркелген. Бұл Қазақстандағы барлық электрокардың 62%-ына жуығын құрайды. Басқаша айтқанда, елдегі әрбір үш электрокардың екеуі дерлік Алматыда жүр.
⚡ Электрокар үлесі
Қазақстандағы жеңіл автомобильдер ішінде электрлі көліктердің үлесі
Ел бойынша 5,05 млн жеңіл автомобильдің 24,6 мыңы ғана электрлі. Ең жоғары үлес Алматы қаласында тіркелген.
Қазақстан бойынша жеңіл автомобиль
5 048 406
барлық тіркелген жеңіл көлік
Оның ішінде электрлі
24 634
электрокар саны
Электрокарлардың жалпы үлесі
0,49%
әр 10 мың көлікке шамамен 49 электрокар
Өңірлер бойынша үлес
Шкала Алматы қаласының көрсеткішіне қатысты есептелді
Алматы қаласы627 284 көлік · 15 280 электрлі
2,44%ең жоғары
Астана қаласы408 920 көлік · 2 885 электрлі
0,71%үлес
Шымкент қаласы252 324 көлік · 949 электрлі
0,38%үлес
Алматы облысы532 583 көлік · 1 589 электрлі
0,30%үлес
Жетісу99 696 көлік · 198 электрлі
0,20%үлес
Жамбыл273 546 көлік · 516 электрлі
0,19%үлес
Атырау136 227 көлік · 251 электрлі
0,18%үлес
Қарағанды326 263 көлік · 526 электрлі
0,16%үлес
Батыс Қазақстан162 345 көлік · 252 электрлі
0,16%үлес
Маңғыстау154 289 көлік · 236 электрлі
0,15%үлес
Солтүстік Қазақстан165 496 көлік · 251 электрлі
0,15%үлес
Қызылорда159 696 көлік · 217 электрлі
0,14%үлес
Ұлытау33 426 көлік · 41 электрлі
0,12%үлес
Павлодар185 400 көлік · 225 электрлі
0,12%үлес
Ақтөбе197 864 көлік · 217 электрлі
0,11%үлес
Қостанай229 823 көлік · 230 электрлі
0,10%үлес
Абай91 915 көлік · 78 электрлі
0,08%үлес
Ақмола228 221 көлік · 185 электрлі
0,08%үлес
Шығыс Қазақстан288 016 көлік · 229 электрлі
0,08%үлес
Түркістан360 690 көлік · 247 электрлі
0,07%үлес
Оңтүстік Қазақстан117 889 көлік · 6 электрлі
0,01%ең төмен
Алайда Алматыны толыққанды «электромобиль қаласы» деуге әлі ерте. Өйткені қаладағы жеңіл автомобильдердің жалпы саны 627 мыңнан асады. Соның ішінде электрлі көліктердің үлесі небәрі 2,44%. Демек, Алматы электрокар саны бойынша айқын көшбасшы болғанымен, жалпы автопарк ішіндегі салмағы әлі мардымсыз.
Астанада 2 885 электрокар тіркелген. Бұл қаладағы барлық жеңіл көліктің 0,71%-ы ғана. Шымкентте электрлі көлік саны 949-ға жеткенімен, үлесі 0,38% шамасында. Өңірлердің басым бөлігінде көрсеткіш тіпті 0,1–0,2% аралығында қалып отыр.
Деректерге қарасақ, Қазақстандағы электрокар нарығы әзірге негізінен ірі қалаларда, әсіресе Алматыда шоғырланған. Бірақ абсолютті санның көп болуы нарық толық қалыптасты дегенді білдірмейді. Электрлі көлік әлі де жалпы автопарктің өте шағын бөлігін ғана құрайды.
Қысқасы, Алматы – электрокарлар ең көп қала. Соған қарамастан, тіпті Алматының өзінде электрлі көлік көпшілік мінетін көлік түріне айнала қойған жоқ. Нарық енді ғана қалыптасып келеді.
Қазақстандықтар шағын қозғалтқышты көліктерге көбірек ауыса бастаған.