
Вьетнам шетелдік азаматтардың елге кіруін алдын ала хабарлайтын жаңа жүйені іске қосты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Қандай өзгеріс енгізілді?
СІМ мәліметінше, Вьетнам Социалистік Республикасы шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету мақсатында «Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесін» (Pre-arrival Information – PAI) пилоттық режимін іске қосты.
Аталған жүйе шетел азаматтарына Вьетнамға сапар алдында қажетті ақпаратты онлайн режимде алдын ала ұсынуға мүмкіндік береді.
«Жүйе шекаралық бақылаудан өту уақытын қысқартуға және әуежайлардағы жолаушылар ағынын оңтайландыруға бағытталған», – делінген хабарламада.
Қай елдерде жұмыс істеп жатыр?
PAI жүйесі қазіргі уақытта Таншоннят халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істейді. Алдағы уақытта Вьетнамның Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында, сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы басқа да өткізу пункттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып жатыр.
Ескеретін жайт, PAI жүйесі Вьетнамға кіру үшін міндетті талап емес, сонымен қатар виза рәсімдеу функциясын атқармайды. Жүйе тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынуға арналған.
Шетел азаматтарына тек ресми порталды – Pre-arrival Information (PAI) жүйесін пайдалану ұсынылады.
Айта кетейік, биыл қазақстандық туристер арасында сұранысқа ие елдердің қатарында Мысыр, Грузия, БАӘ және Вьетнам елдері бар.