Жаңалықтар

Fitch Ratings: Қазақстан экономикасының өсімі 4 пайызға дейін баяулайды

Фото: D13RCD Headquarter Fitch Ratings Manhattan,

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның егемен кредиттік рейтингін «тұрақты» болжамымен «BBB» деңгейінде растады.

Агенттік сарапшылары мұнай өндіру көлемінің тұрақтануы аясында 2026–2028 жылдары Қазақстанның ЖІӨ өсімі жылына 4% деңгейінде болады деп болжайды (2025 жылғы 6,5%-ды құраған).

Елдің жоғары кредит қабілеттілігі халықаралық резервтердің қомақты көлемі және мемлекеттік қарыздың төмен деңгейіне негізделген.

Агенттіктің бағалауы бойынша, 2025 жылдың соңында алтынды қоса алғандағы жалпы халықаралық резервтер 65,4 млрд АҚШ долларын құраса, 2026 жылғы мамырға қарай 67,6 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Сонымен қатар, Ұлттық қордың валюталық активтері 2026 жылғы мамырдың соңында 66,4 млрд АҚШ долларына (ЖІӨ-нің 18%-ы) жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6,8 млрд АҚШ долларына өсті.

Бұл ретте экономикалық белсенділікті дамытуға негізгі қозғаушы күш ретінде мұнайдан тыс секторлар: көлік, өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету саласы және мемлекеттік инвестициялар қолдау көрсетеді.

Сонымен бірге, Үкіметтің квазифискалдық операциялары мен азық-түлік тауарларының жоғары бағасынан туындаған инфляциялық қысымның сақталып отырғаны атап өтілді, алайда агенттік 2026–2027 жылдар аралығында инфляция деңгейі біртіндеп төмендейді деп күтеді.

Fitch Ratings сарапшылары Қазақстанның егемен рейтингін болашақта көтеру макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі нығайту және байыпты фискалдық саясатты дәйекті жүргізу жағдайында ғана мүмкін болатынын мәлімдеді.

2025 жылы да Fitch Ratings Қазақстанның егемен рейтингін «BBB» деңгейінде растаған.