Жаңалықтар

44 жастағы теннисші Серена Уильямс Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді

Серена Уильямс Уимблдон турниріне қатысады / фото: WTA

Аты аңызға айналған америкалық теннисші Серена Уильямс «Үлкен дулыға» турнирлерінің жекелей сынына қайта оралады. «Уимблдон» турнирінің ұйымдастырушылары 44 жастағы спортшыға әйелдер арасындағы негізгі кестеге соңғы, сегізінші wild card (арнайы шақырту) жолдамасын берді.

Уильямс төрт жылдық үзілістен кейін, 2026 жылдың маусым айында үлкен тенниске қайта оралды. Бұған дейінгі соңғы ресми жарысы 2022 жылдың қыркүйегіндегі АҚШ ашық чемпионаты (US Open) еді. Ол кезде Серена үшінші айналымда Айла Томляновичке есе жіберді.

Әпкелі-сіңлілі Уильямстар жұптық сында да бақ сынайды

Серена Уильямс жекелей сында ғана емес, сонымен қатар жұптық бәсекеде де бой көрсетпек. Ол өзінің әпкесі – 46 жастағы Винус Уильямспен бірге кортқа шығады. Винус та турнир ұйымдастырушыларынан арнайы шақырту (wild card) алды.

Жанкүйерлер асыға күткен Уимблдон турнирінің негізгі кестедегі матчтары 29 маусымда басталып, 12 шілдеге дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Серена Уильямс жақында жұптық сында Виктория Мбокомен бірге ойнап, жеңіске жеткен еді.