Жаңалықтар

Әл-Фарабидегі апат: Александр Пак 10 жылға сотталды

ДТП на Аль-Фараби: Александра Пака приговорили к 10 годам тюрьмы
Әл-Фарабидегі апат: Александр Пак 10 жылға сотталды/ shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Үш адам қайтыс болған әл-Фараби даңғылындағы апатқа кінәлі Александр Пак 10 жылға сотталды.

Сондай-ақ Пак жәбірленушіге 10 млн теңге төлеуге міндеттелді.

«Александр Пак Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын», – деді судья.

Сондай-ақ Пак өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төмен мекемесінде өтейді.

Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі айқын және куәлар жауабы және жүргізілген сараптамалар қорытындысы негізінде дәлелденген.

Бұған дейін қылмыстық істегі прокурор Әлібек Күмісбеков сотталушы Александр Пакты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Әл-Фарабидегі апат

2026 жылдың 21 наурызына қараған түні әл-Фараби даңғылында апат болып, үш адам қаза тапты. Олар: 1996 жылы туған Еламан Қайыржанұлы, 2003 жылы туған Құмар Теңелбаева және 2005 жылы туған Томирис Қыдырбек.

Сот барысында айыпталушы Александр Пак кінәсін мойындап, марқұмдардың отбасынан кешірім сұрады. Сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейін де қайтыс болғандардың отбасына көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Ал жәбірленуші тарап Александр Пакқа кешірім беріп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.